Жаңалықтар

NIS кіші жобалық кеңсесі түркияда таныстырылды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірегей тәжірибесі Түркияда таныстырылады. Бұл Атырау облысы «Рухани жаңғыру» кеңсесі өкілдерінің Түркияның Анкара және Конья қалаларына іс-сапары барысында белгілі болды.
17 Қазан

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жаңа мектеп рекордын орнатты. Мақал-мәтелдер сайысында жас зияткерлер 60 секунд ішінде «Білім мен достық» тақырыбында 40-тан астам мақалдарды жатқа айтты.
17 Қазан

Оралдағы Зияткерлік мектепте күн энергиясы станциясы іске қосылды

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, ҚР Энергетика министрлігі және «Шелл» компаниясының өкілдері қатысты.
16 Қазан

«Жаңару жаршысы»

Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласының Білім басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қолдауымен «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ» атты мектептердің І өңірлік форумын өткізді.
15 Қазан

Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО сыйақысына лайық деп табылды

Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО Wenhui Award 2019 жылдың сыйақысын жеңіп алды!
11 Қазан