Жаңалықтар

Тараздағы Зияткерлік мектеп «Ұлы Дала мұрагерлері» шығармашылық концертін өткізді

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тұңғыш Президент күніне арнап «Ұлы Дала мұрагерлері» шығармашылық концертін өткізді.
30 Қараша

Егор мен Еламан Елбасымен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент Қоры Сыйлығының лауреаттары және Қазақстанның талантты жастарымен кездесті. Жиынға Nazarbaev Fund Schools Challenge 2019 байқауының жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Егор Кожин мен Еламан Молдағали да қатысты.
29 Қараша

Ұстазымыз «Ел мақтанышы» аталымына ие болды!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кездесуде еліміздің талантты жастары мен білім бәйгелеріне дайындаған ұстаздар Елбасы Қоры сыйлығымен марапатталды. Қуантарлық жайт, осы шарада Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, химия пәнінің эксперт-мұғалімі Ирина Бабич «Ел мақтанышы» арнайы сыйлығына ие болды! Білім бәйгелерінде оза шапқан өрендерді дайындаған белді ұстаздардың бірі ретінде танылған Ирина Михайловнаны және түлегіміз Даниил Мельниченконы шын жүректен құттықтаймыз!
28 Қараша

Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің жобалары Мәскеуде жеңіске жетті

Мәскеуде өткен «IT-білім беру жүйесіндегі инновациялық ақпараттық-педагогикалық технологиялар» атты IX Халықаралық конференция-байқауында Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің жобалары үздік деп танылды.
28 Қараша

Баспасөз орталығының картасы қайталанбас туындымен толықты

Маусым айында Зияткерлік мектептердің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанның NIS ашылған әр өңірдің ең көрікті жерлері мен басты символы бейнеленген эксклюзивті таркелкалардан бірегей карта жасалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.
27 Қараша