«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
2020 жылғы 5 қазан мен 25 желтоқсан аралығында Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ сайтында жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Омар Бекин «Халық алғысы» медалімен наградталды.