Жаңалықтар

NIS-тің қос алтыны: Шыңғыс Тоқанов пен Қанат Баймомынов химия пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды


NIS құрама командасы Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық химия олимпиадасында Зияткерлік мектептерді лайықты деңгейде танытты.

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Шыңғыс Тоқанов пен Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Қанат Баймомынов білім бәйгесінде бірінші орынды еншіледі. Жеңімпаздардың үштігіне Зияткерлік мектептердің тағы бір өкілі – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Әли Пердехан қола жүлдені жеңіп алды.

Қаныш Сәтпаев атындағы химия пәнінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасы – еліміздің оқушылары үшін ең беделді зияткерлік турнирлердің бірі. Ережеге сәйкес оған 9-сынып оқушылары қатысады.

 

 

 

 

 



Қаралым: 113
Жарияланған: 07 Желтоқсан