Жаңалықтар

NIS Орал: «Ауылдан базарлық» жобасы басталды


Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде туған өлкені, оның тарихы мен мәдениетін, көрікті жерлерін, атақты жерлестердің өмірбаянын зерделеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін «Ауылдан базарлық» атты жаңа жоба қолға алынды. «Ауылдан базарлықтың» негізгі тақырыптары оқушылар мен ата-аналарды біріктірді.

– Мыңдаған ұл мен қызға NIS-те білім алу мүмкіндігін берген еліміздің Тұңғыш Президентіне әр ауыл, ауданнан оқуға келіп, мектеп жатақханасында тұрып жатқан оқушылар атынан ерекше алғыс білдіреміз! Зияткерлік мектепте оқу – біз және ата-анамыз үшін үлкен мақтаныш, – дейді 10-сынып оқушысы Салтанат Ізтелеуова.

Жобаны бірінші болып Бөрлі ауданының оқушылары мен ата-аналары бастады. Бөрлі ауылының пайда болу тарихы, Қазақстан станциясының Ақсай қаласы деп аталуы, ауданның ірі кәсіпорындары мен спорттық және мәдени өмірі туралы әңгімелер баршаны қызықтырды, сондай-ақ өлкетану мұражайы бойынша виртуалды экскурсия және Адиль Махметовтың соғыс ардагері Михаил Иванович Шепельмен кездесуі өтті.

«Ауылдан базарлық» эстафетасын Бәйтерек ауданының оқушылары мен ата-аналары қабылдады.

 



Қаралым: 145
Жарияланған: 06 Желтоқсан