Жаңалықтар

EdCrunch Glocal: жаңа білім беру тәжірибесін жобалау


Алматыда ертең EdCrunch Glocal өз жұмысын бастайды. Биыл білім берудегі жаңа технологиялар бойынша әлемдегі ең ірі конференциялардың бірі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Мәскеу, Тель-Авив және Сингапурдағы жергілікті онлайн-студиялардың спикерлері EdCrunch Glocal-ға қосылады деп жоспарлануда.

2021 жылдың басты тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» (Learning experience design). EdCrunch Glocal бағдарламасы бес бөлімнен тұрады: ерте балалық шақ, 21 ғасыр мектебі, цифрлы университет, корпоративті оқыту және EdTech.

Конференцияның бағдарламалық директоры және «МИСиС» ҒЗТУ орталығының директоры Нұрлан Қиясовтың айтуынша, EdCrunch-тың мақсаты тиімді оқыту арқылы әркімге өзін-өзі дамытуға қолдау көрсету болып табылады:

– Біз мұғалімдер мен саясаткерлерден бастап, көрнекті зерттеушілер мен бағдарламашыларға дейінгі әлемнің үздік сарапшыларын бірегей идеялары және жаңалықтарын кең аудиторияға жеткізуге шақырамыз. Ең керемет идеялар университет қабырғасы, сынып аясы немесе кітапсөрелерімен ғана шектеліп қалмауы керек. Оларды қолдап, бөлісіп, талқылап және қабылдау мен дамыту қажет. Инвесторлар мен құрылтайшылар, саясаткерлер мен филантроптар, оқытушылар, студенттер және білім беру тәжірибесіне қызығушылық танытқандар EdCrunch Glocal-да болуы керек.

Сондай-ақ спикерлер келесі тақырыптарды талқылайтын болады: дауыстық көмекшілерден бастап, жасанды интеллектке дейінгі білім берудегі жаңа технологиялардың әлеуеті; постковидтік кезеңдегі мектеп білімінің революциялық форматтары; нейробиологияны максималды тиімділіктің негізі ретінде қарастыру; медиа, ойын-сауық, спорт салаларындағы білім беру кеңестері мен EdTech-тегі жаһандық және жергілікті трендтер.

EdCrunch Glocal ұйымдастырушылары – Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Назарбаев Зияткерлік мектептері. Бас серіктестер – «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры, «Алматыкітап баспасы», «Сәби» Қайырымдылық қоры және Eurasian Resources Group (ERG).

Тіркелу және қосымша ақпарат: edcrunch.online

 

 

 

 

 



Қаралым: 116
Жарияланған: 06 Желтоқсан