Жаңалықтар

«Ойла! Дамыт! Жаса!» – NIS-тің креатив-жекпе-жегі


Дәстүрлі креатив-жекпе-жек чемпионы атағын елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (IB) «Грамотеи» командасы жеңіп алды, құрмет тұғырының екінші сатысында – Ақтау қаласындағы NIS-тің «DOMADOMA» командасы, ал көшбасшылар үштігіне Семейдегі Зияткерлік мектептің «Ертіс» құрамасы енді. 
 
NIS-тің үздік командалары Microsoft Teams платформасында шығармашылық жекпе-жекке түсті. Ойын ережелеріне сәйкес қатысушылар 10 минут ішінде берілген мәселені шешу үшін мүмкіндігінше көп идеялар ұсынуы керек. Оқушылар «Креатив-жекпе-жекте» шығармашылық немесе зерттеу тапсырмаларын орындады. Талдықорған, Тараз, Ақтау, Семей, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Орал және елордадан барлығы 12 команда бақ сынады.
 
Шығармашылық жекпе-жек стандартты емес ойлауды дамытуға ықпал ететін өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясына негізделген. Ұйымдастырушылар қатарында ТРИЗ-педагогика шығармашылық тобы – Павлодардағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Ілияс Шорманов пен Алмаз Кенжанов, сондай-ақ Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS өкілі Талғат Әубәкіров болды.
 
«Ойла! Дамыт! Жаса!» ұраны дәстүрлі креатив-жекпе-жек қатысушыларының шығармашылық ұстанымы деп атауға болады.


Қаралым: 106
Жарияланған: 30 Қараша