Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» және NIS-тің «Кемел болашағы»


Қауіпсіз оқу ортасын құру, әлеуметтік маңызы бар құндылық құзыреттіліктерін қалыптастыру, жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыру «Кемел болашақ» республикалық бағдарламасы шеңберінде өткен шеберлік сабақтардың басты тақырыптарына айналды.

Қарағанды, Тараз, Семей және Талдықорған қалаларындағы Зияткерлік мектептері директорларының орынбасарлары Жұлдыз Жақсыбекова, Айша Жолдасбекова, Лариса Әбілқасымова және Роза Битаева жалпы білім беретін мектептердегі әріптестеріне кәсіби ноу-хау және үздік кейстер туралы айтып берді. Еліміздің барлық өңірінен қатысқан орта және жоғары сынып мұғалімдері NIS-тегі тәрбие жұмысының жүйесімен, сондай-ақ сұранысқа ие әлеуметтік жобалары және тәжірибесімен танысты.

Шеберлік сабақтар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бірлескен жобасы аясында ел педагогтерін оқытуды аяқтады.

 



Қаралым: 152
Жарияланған: 29 Қараша