Жаңалықтар

Менің ұлымның атын пайдаланбауыңызды сұраймын


8-сынып оқушысы Сергей Кимнің әкесі Виктор Ким Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына мәлімдеме жасап, отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен жақындарының көңіліне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Менің ұлымның атын пайдаланбауды және әлеуметтік желілердегі кез-келген іс-шараларды, акциялар мен жазбаларды, соның ішінде юбка киюді насихаттауды тоқтатуыңызды сұраймын, деп жазды Виктор Романович.

 

Сонымен қатар отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті, Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ.

 

Қазіргі уақытта жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын еске саламыз. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қосымша ақпарат жариялап, кеңейтілген түсініктеме бермейді.

 



Қаралым: 488
Жарияланған: 29 Қазан