Жаңалықтар

Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз


Биылғы жылғы талқылаудың басты тақырыбы – отбасы, мектеп, қауымдастық: конференция қатысушылары бала мүддесі үшін қалай ойлау мен әрекет ету жайында жаңа түсініктермен танысады. 

Ұсынылған сан алуан контент арасында дәстүрлі түрде мыңдаған педагогтарды жинайтын шетелдік сарапшылардың шеберлік сағаттары ерекше.
 
АҚШ сарапшысы Эстер Воджитски өз сөзінде табысты тұлға қалыптастырудағы мәдениеттің әсері туралы баяндайды. Тағы бір американдық маман Эрик Шенингер сандық тұрғыдан кәсіби практиканың әртүрлі аспектілерін қолдау мен жетілдірудің тиімді стратегияларын ұсынады. «Аз оқытып, көбірек оқыңыз» – сингапурлық спикер Пак Ти Нгтің тұжырымдамасы қала-мемлекеттің білім беруді дамытудың сәтті мысалына негізделген. Ол Сингапурдың білім беру жүйесі оқу бағдарламасын, сондай-ақ мектептерде оқыту мен оқудың санына емес, сапасына ерекше назар аудара отырып, қалай жақсартатынын айтып береді. Ұлыбританиялық маман Доминик Уайз зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде болып жатқан оқиғалармен байланысы туралы мәселені қозғайды. Практиктер мен ғалымдар арасындағы ынтымақтастықтың басты бөлігі – балаларды оқытудың тиімді әдістері туралы зерттеудің маңызын түсіну.
«Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз» XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2021 жылдың 11-12 қарашасында онлайн режимінде өтеді.
 
Конференцияға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://conf.nis.edu.kz/registration_form/
 


Қаралым: 236
Жарияланған: 21 Қазан