Жаңалықтар

Шымкенттегі NIS директорлары Индира Исмаилова және Қайырбек Буксукбаев Любовь Добротамен кездесті


Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері директорлары Индира Исмаилова мен Қайырбек Буксукбаев «Казахстанская правда»газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Любовь Добротамен кездесті.

Любовь Доброта – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ екі жылда бір рет өткізетін «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауы жеңімпаздарының бірі. Қазылар алқасы инклюзивті білім беруге арналған Любовь Добротаның сараптамалық материалдарын ерекше атап өтті.

NIS миссиясы, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, CIS халықаралық аккредиттеу, креативті IT-шешімдер мен салт-дәстүрлерді интеграциялау, оқушылар мен мұғалімдердің жетістігі – қосымша тақырыптар мен сұрақтар туындамады.

Белгілі журналистермен кездесу барлық Зияткерлік мектептерде жоспарланған.

 



Қаралым: 244
Жарияланған: 21 Қазан