Жаңалықтар

Bookcrossing: NIS-тен «Зияткерге» сый кітаптар


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова Атыраудағы «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларына жыл сайынғы «Bookcrossing» акциясы аясында NIS атынан 500-ден аса кітапты сыйға тартты.

«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының кітапханасы әлемнің танымал авторларының үш тілдегі ең үздік шығармаларымен толықты.

- Туынды тақырыптары оқушылар арасында үлкен танымалдылыққа ие. Қазақ және шетелдік классика, көп томдық энциклопедиялар, сондай-ақ мотивациялық шығармалар пен танымал психологиялық жинақтар бар, - деп атап өтті Атыраудағы Зияткерлік мектеп кітапханасының меңгерушісі Айдана Алпамысова.

NIS «Зияткерге» тек дәстүрлі кітаптарды сыйға тартуымен шектелген жоқ. Күләш Ноғатайқызы «Зияткер» мектеп-лицей-интернатының директоры Нұржан Қаратаевқа оқушыларды әлемнің озық білім беру ресурстарындағы электрондық оқулықтармен қамтамасыз ететін сертификат табыстады.

– Біз жаңа мектепті қолдауды жалғастырамыз. Мұғалімдерді оқытудан бөлек, NIS және «Зияткер» түрлі бірлескен жобаларды іске асырып, оқушылармен және педагогтармен белсенді байланыста болады. Осының барлығы білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді, – деп қорытындылады Күләш Шәмшидинова.

 



Қаралым: 364
Жарияланған: 12 Қазан