Жаңалықтар

Шымкенттік NIS мұғалімі Гавхарбек Махмудов еліміздің «Үздік тәлімгері» атанды


 «Қазақстан мұғалімі – 2021» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімінде «Student Prize Kazakhstan» республикалық жобасының үздік 10 қатысушысы да белгілі болды. Олардың қатарында «Болашақтың мұғалімі» жобасы үшін «Үздік тәлімгер» номинациясымен марапатталған Шымкент қаласының химия-биология бағытындағы NIS ұстазы Гавхарбек Махмудов бар.

Жоба аясында Гавхарбек Махмудов 5 ай бойы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері – болашақ ұстаздарға онлайн режимде білім берді:

– Менің ойымша, мұғалім – ең маңызды мамандық, себебі кез келген маманды тәрбиелейтін – ұстаз. Мен әрдайым мұғалім болу – үлкен мәртебе деп айтамын. Қазіргі таңда ұстаздық жолды таңдаған жастар саны да артып келеді Бұл, расымен, қуантарлық жағдай. Ал «Қазақстан мұғалімі» секілді байқаулар қатысушыларға өз ұмтылысын одан әрі нығайтуға және кәсіби маман болуға көмектеседі.

 



Қаралым: 1703
Жарияланған: 27 Қырқүйек