Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті


2021 жылғы 26 шілдеде Министр Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Республикалық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2021-2022 оқу жылында қазақ және орыс тілдеріндегі 7 сыныптарынан бастап білім алуға іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.

«Өркен» білім гранты иегерлерінің толық тізімі – nis.edu.kz сайтында «Үміткерлерге» бөлімінде (Конкурстық іріктеу нәтижелері).

 

 

 

 

 



Қаралым: 356
Жарияланған: 27 Шілде