Жаңалықтар

Тимур Нұркешов «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметіне тағайындалды⠀⠀ ⠀⠀


Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нұркешов «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалды.⠀⠀

Тимур Нұркешов Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін, Алматыдағы «Қайнар» университетін, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.⠀

Тимур Сейтқажыұлы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында 2014 жылдан бастап: Педагогикалық шеберлік орталығында жаттықтырушы, НЗМ дамыту департаментінде аға менеджер болып қызмет етті. Екі жыл Орал қаласындағы Зияткерлік мектепті басқарды, 2019 жылдан бастап Тараз қаласындағы NIS-тің директоры қызметін атқарды.⠀

 



Қаралым: 305
Жарияланған: 07 Маусым