Жаңалықтар

Математика және жобалау: NIS қоржынында сегіз жаңа медаль


Зияткерлік мектеп оқушыларының жобалары «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауында үздіктер қатарынан көрінді.

Дәстүр бойынша конкурс Мәскеуде (Ресей Федерациясы) өтіп келеді, бірақ биыл жас әзірлеушілер қашықтан қатысты. Қатысуға Ресей және шетелдердің жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.

Байқау нәтижелері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының алты жобасы сегіз медаль, оның ішінде алты алтын және екі күміс медальды қанжығалады:

1 орын:

Эльмира Абенова мен Аяжан Темирболат, Нұр-Сұлтан қ. NIS IB – «Қой жүнін өндіру перспективалары және олардың Қазақстанның ауыл экономикасының дамуына әсері»

Ринат Еркинбек, Семей қ. NIS – «Биогаз қондырғысын бағдарламалау және модельдеуде математикалық функцияларды қолдану»

Айгерим Баринова мен Назгуль Кабиева, Павлодар қ. NIS – «Микробиологиядағы граф модельдеу»

Аружан Манарбекова, Тараз қ. NIS – «Математикалық есептеулер арқылы көру қабілетіне әсер ететін факторларды бағалау»

2 орын:

Альтаир Жамбыл мен Ажар Курманбек, Алматы қ. ХББ NIS  – «Жалпы жағдайдағы зымыран қосынының тиімділігі»

 



Қаралым: 84
Жарияланған: 13 Мамыр