Жаңалықтар

Жасұлан Өтеповтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады


Бүгін Алматыда жас талантты ұстаз Жасұлан Өтеповті соңғы сапарға шығарып салуда.

Жасұлан ҚазҰУ-ды «Ғарыштық техника және технология» мамандығы бойынша бітірген соң Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. Магистратурада білім алып, зымыран құрастыру бойынша үйірмені басқарды, 3D-модельдеу бойынша элективті курстар жүргізді, SOLIDWORKS CSWA сертификатталған жаттықтырушысы болды. Дарынды педагог Жасұлан Маратұлын балалар жақсы көрді, әріптестері мен ата-аналар құрметтеді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Жасұлан Өтеповтің қайғылы қазасына байланысты туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Жасұлан Маратұлы туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

 



Қаралым: 91
Жарияланған: 13 Мамыр