Жаңалықтар

NIS оқушылары Infomatrix-Asia халықаралық IT-жобалар байқауында 8 медаль жеңіп алды


Зияткерлік мектептердің ақпараттық технологиялар саласындағы жас кәсіпқойлары үш күндік онлайн-конкурстың қорытындысы бойынша 5 күміс және 3 қола медальға ие болды.

Infomatrix-Asia халықаралық байқауы тек кәсіби шеберлікті дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлемнің түрлі елдерінен оқушылар мен мұғалімдерді тарта отырып, мәдениетаралық қарым-қатынастарды дамытуға және ынтымақтастықты алдыңғы қатарға қоюға көмектеседі.

Зияткерлік мектеп оқушылары барлық үш бағыт – компьютерлік бағдарламалау, есептеу техникасы және математика бойынша байқауға қатысты. Тартысты күрес нәтижелері бойынша ұсынылған жеті жоба NIS қоржынына сегіз медаль әкелді – бес күміс және үш қола:

2 орын:

Камила Оразбек, Қарағанды қ. NIS  – "The use of augmented reality in the educational process”

Ерасыл Пиржанов, Тараз қ. NIS – "Qazaq language study”

Аружан Рысаева, Семей қ. NIS – "In the trap of WWW”

Айана Мырзаханова, Тараз қ.  NIS  – "Hydroelectric power”

Мадина Даярдиева, Атырау қ. NIS– "Mathematical model of carbon dioxide emission”

3 орын:

Алдияр Пазылов, Ерасыл Тауекел, ФМБ NIS Нұр-сұлтан Қ. – "NV-FDOEX”

Әйгерім Халидуллиева, Атырау қ.  NIS – "Mathematical formulas in meteorology”

 



Қаралым: 57
Жарияланған: 12 Мамыр