Жаңалықтар

Татарстан халқымен бірге аза тұтамыз


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мұғалімдері, оқушылары, ата-аналары атынан басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева аза тұту тақтасына гүл шоқтарын қойып, Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті өкілдігінде көңіл айту кітабында жазба қалдырды. Қазан қаласындағы мектеп-гимназиясында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың туыстарына және бауырлас Татарстанның барша халқына шын жүректен көңіл айтты:

– Біз оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың қайғыларына ортақпыз, сіздермен бірге аза тұтамыз.

 



Қаралым: 56
Жарияланған: 12 Мамыр