Жаңалықтар

Игілікті және қауіпсіз білім беру ортасын дамыту: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Атырау облысы білім басқармасының ынтымақтастығы


Өңірдегі он алты мектепте директорлар мен өкілдерінің қатысуымен игілікті  ортаны дамыту жөніндегі жобаларды іске асырудағы ұйымдастыру мәселелерін талқылауға арналған алғашқы жұмыс кездесуі өтті.

Өңір мектептерінде тәжірибеге енгізу үшін басты міндеті – оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылатын біріккен алты жоба ұсынылатын болады. Бұл жобалардың барлығы Зияткерлік мектептер тәжірибесіне табысты енгізілген және оларды жүзеге асыру оқушылар, педагогтар және ата-аналар арасында бірнеше жыл бойы оң нәтиже беріп келеді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева өз сөзінде жобаның алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін мамандарды оқыту және бағдарламаларды енгізу жеткіліксіз – жобалардың мәнін түсіну барлық деңгейлерде – білім беру ортасы, әдістемелік орталықтардың басшылары мен менеджерлері, мектеп әкімшілігі мен ұжымдары тарапынан болуы үшін олардың тұрақтылығын ұзақ уақытқа қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

«НЗМ» ДББҰ оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері келесідей жобаларды ұсынды: Күләш Салимбаева психологтар мен әлеуметтік педагогтарды дағдарыстық көмек пен олардың алдын алу бойынша оқытуға негізделген жобаны таныстырды, Айнұр Сапарбекова мектептегі балалардың жарақаттануына мониторинг жүргізу жүйесін ұсынды.

– Сарапшылар мен қызметкерлер Атырау облысындағы 16 мектептің мамандарына әдістемелік қолдау көрсетеді. Серіктестермен, халықаралық ұйымдармен және сарапшылармен бірлесе отырып, олар Атырау облысының ерекшеліктеріне бейімделген оқушылардың қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге көмектеседі, мектеп мамандарын өмірлік қиын жағдайларда оқушылар мен олардың отбасыларын қолдау тәсілдеріне үйретеді, – деп атап өтті оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаментінің директоры Динара Уалкенова.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Атырау облысы білім басқармасымен бірлескен жобасы аясында еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің орта білім беру жүйесінде өзекті болып табылатын жаңа басымдық, қолайлы білім беру ортасын құру бойынша үлкен жұмыс жоспарлануда.

 

 

 



Қаралым: 55
Жарияланған: 12 Мамыр