Жаңалықтар

NIS-тің барлық қатысушылары – Менделеев олимпиадасының марапат мәретұғырында


Химиядан 55-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері командасының әрбір мүшесі бір медальді қанжығалады.

Павлодардағы NIS оқушысы Хайдар Қаирбек өткен жылғы нәтижесін сәтті қайталай отырып, күміс жүлдені еншіледі. Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Азамат Жақсылықов, елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Санжар Бисенәлі, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы Зияткерлік мектептен Әмір  Әлмуханов қола медальға ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, осымен екінші жыл қатарынан дәстүрлі Менделеев олимпиадасы онлайн форматта өтуде. Беделді зияткерлік сайыста оңтүстік-шығыс Еуропа, Балтық жағалауы және ТМД елдерінің ең мықты жас химиктері бас қосады.

 



Қаралым: 75
Жарияланған: 27 Сәуір