Жаңалықтар

Петропавлдағы Зияткерлік мектеп оқушысы Инесса Анарбаева әлеуметтік жобалардың бірінші форумында NIS-ті таныстырды⠀


Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Инесса Анарбаева «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы бірлік пен серіктестіктің 30 жылдығы» әлеуметтік жобалардың бірінші форумында NIS-ті таныстырды.⠀

Инесса «Қоғамның болашағы мен ортақ жауапкершілігі» секциясының «Жастар азаматтық қоғамды дамыту контекстінде» панельдік сессиясында сөз сөйледі. NIS студенті, форумның ең жас қатысушысы, елдегі еріктілер қозғалысын дамытудың жаңа жолдарын ұсынды.⠀
– Волонтерлік қызметті дамыту үшін заманауи интеграцияны қалыптастырған жөн деп ойлаймын. Еріктілерді тек әлеуметтік саланы дамытуда ғана емес,  бизнесті дамытуда да тегін жұмыс күші ретінде пайдалануға болады. Ал волонтерлік қозғалысты насихаттау  үшін «Ел қаһарманы ерікті» атты комикстер сериясын жасауды ұсынамын. Олар бүгінгі күннің батырлары жайындағы оқиғаларды халыққа жеткізер еді. Форумға келер болсақ, көптеген адамдармен, министр, депутаттармен жүздестім, түрлі сала мамандарымен таныстым. Мен үшін өте пайдалы жиын болды, – деп атап өтті Инесса. ⠀
Инесса «Адал» еріктілер клубының негізін қалап, экологиялық мәселелермен айналысып, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетіп жүр.  Ол 2020 жылы «Жыл волонтері» атағына ие болып,  «Елбасы Медалін» тағынды. ⠀
Әлеуметтік жобалардың бірінші форумын Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырды. Форумға қазақстандық және халықаралық спикерлер – КЕҰ, мемлекетік және коммерциялық құрылымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғам қайраткерлері, бренд-көшбасшылар, халықаралық және қайырымдылық ұйымдар, азаматтық белсенділер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізу, экологиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік салаға жауапты бизнес жүргізу және басқа да өзекті мәселелерді қозғады. ⠀


Қаралым: 72
Жарияланған: 26 Сәуір