Жаңалықтар

«CASPIAN STARTUP-2021»: тіркеу жалғасуда


Балқанабад қаласындағы (Түрікменстан) №12 орта мектептің 10-сынып оқушысы Рустам Ишанқұлов тұзды суды күн энергиясымен тұщыландыруды ұсынады. Рүстем өзінің жобасын «CASPIAN STARTUP-2021» халықаралық байқауына ұсынды. Түрікменстаннан 20-ға жуық жұмыс келіп түсті.

«Caspian Startup-2021» халықаралық стартап жобалар байқауына өтінімдер әлі де келіп түсуде. Дәстүрлі байқауға биыл Түркіменстан мен Әзірбайжанның жаңартылатын энергия көздері тақырыбындағы жобалары ұсынылды.

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша конкурсқа тіркелу 19 сәуірге дейін ұзартылды.

«Caspian Startup» стартап байқауы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр.

Жобаның мақсаты – жастардың стартап жобаларына қызығушылықтарын арттыру, кәсіпкерлермен және жас стартаперлермен кездесу алаңын ұйымдастыру. Үш жыл ішінде жобаға 400-ге жуық қатысушы, сондай-ақ Қазақстанның 100-ден астам кәсіпкері тартылды.

Стартап байқауына 9-12 сынып оқушылары, сондай-ақ колледж студенттері қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін:

Стартап жобаны таныстыратын 5 минуттық видео түсіру;

Сәуірдің 12-сіне дейін caspianstartup.kz сайтына өтіп, өтінім үлгісін толтыр;

Сәуірдің 24-іне дейін жобаның келесі кезеңге өткендігін анықтау;

Байқаудың толық ережесі caspianstartup.kz сайтында

Байқау жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталмақ:

І орын – ноутбук;

ІІ орын –планшет;

ІІІ орын – смартфон;

Финалға өткен үздік және креативті жобалардың біреуі Yessenov University ректорының атаулы білім грантына ие болады. Сонымен қатар, 10 финалист Astana Hub стартапшылар орталығының тренерінен стартап бастау тақырыбында дәріс алады.

Биыл өткелі отырған байқауға «Jusan Bank» АҚ, «Mediana Services Limited» IT-компаниясы, «Eco Waste Aqtau», Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «Aqtau TV» өңірлік телеарнасы, сондай-ақ Ақтаудағы Түрікменстан мен Әзірбайжанның бас консулдықтары, Yessenov University қолдау білдірді.

Байланыс телефондары: 8 72 92 70 10 66, 8 701 123 08 85, 8 775 835 56 97

project@caspianstartup.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қаралым: 57
Жарияланған: 16 Сәуір