Жаңалықтар

Ғарыш пен әлемнің шексіздігі жас зерттеушілерді шабыттандырады


Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары физиканы тереңдетіп оқиды, инженерлік және авиамодельдеуге қызығушылық танытады. Ғарышты, астрономияны және авиацияны, сондай-ақ ғарышкерлер мен ғарыш ғалымдарының өмірбаянын зерттеу жас зияткерлерді шабыттандыратыны таңқаларлық емес.

12-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов өзі жасақтаған химиялық реактор арқылы  оттегі және метан алуға болатынын айтады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышқа отын ретінде пайдаланылады. Ақылбектің бұл жобасы 2018 жылы өткен «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбына арналған ІХ Наурыз кездесулерінің жеңімпазы атанды.

Мектеп оқушылары Сания Мұхамбетқалиева мен Дильназ Уашева планеталардың орналасуын шамамен дәлдікпен есептейтін күн жүйесінің 3D моделі планетарийі – AstroTravel қосымшасын жасады. Ал 11-сынып оқушысы Эламир Қадырғалеев «COSMO-I» жобасында ғарыш ассисстентінің прототипін жасақтады. Жобада ғарыш кеңістігінде планеталарды, астероидтерді және метеориттерді тануға қабілетті жасанды интеллект үлгісі пайдаланылған, сондай-ақ ол магнит өрісінің, температураның және басқа параметрлердің әсерлерін есептейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қаралым: 53
Жарияланған: 13 Сәуір