Жаңалықтар

Ғарышкерлер күнімен!


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовті Ғарышкерлер күнімен құттықтайды!

Осыдан тура 60 жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағында адамның ғарышқа алғашқы ұшуы басталды. Біз ғаламды бағындырғандар қатарында ерлік пен кәсіпқойлықтың үлгісіне айналған қазақстандықтар Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов бар екенін мақтан тұтамыз.

Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бірқатар ғарыштық бағдарламалар жүзеге асырылуда, оқушылар әртүрлі ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізуде, елордадағы физика-математика бағытындағы мектепте «NIS Space Z» ғарыш зертханасы ашылды. Жас ғалымдар үшін «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбындағы Наурыз кездесулері жылдың басты оқиғасына айналды. Қазақстандық ғарышкерлермен тілдесу және Байқоңыр ғарыш айлағына сапар шегу оқушылар үшін үлкен мотивация болды. Өткен жылдың желтоқсан айында «Ұлы дала мұрагерлері» онлайн форумына қатысушылар Айдын Айымбетовпен кездесті. NIS оқушылары арасында ғарышқа болашақ сапар шегушілер өсіп келеді, олар Ғаламның дамуына өз үлестерін қоспақ.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ұлттық ғарыш агенттігінің, Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының, Республикалық ғарыштық байланыс орталығының, Ғарыштық техника және технологиялар институтының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымдарын Ғарышкерлер күнімен құттықтайды.

 

 

 



Қаралым: 47
Жарияланған: 12 Сәуір