Жаңалықтар

Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends-ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды


Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева қазір Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік ғылым апталығына қосылды.

 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS-тің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева Nobel Fest алаңында COVID-19-дан кейін білім берудегі жаһандық трендтер қандай болатынын ой елегінен өткізді.
 
«Ковидтен кейінгі әлемде білім болашағын құру» пленарлық сессиясында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының білім беру жөніндегі директоры, ЭЫДҰ-ның Париждегі штаб-пәтерінен PISA тең құрылтайшысы Андреас Шляйхер, сондай-ақ Күләш Шәмшидинова мен Нұр-Сұлтандағы Nobel Fest бас студиясынан BCPD бас атқарушы директорының міндетін атқарушы Эльмира Обри спикерлер болды. Дәстүрлі білім беруді трансформациялау, стандартталған тесттер мен креативтіліктің үйлесімділігі, жоғары оқу орны дипломының жетістікке баламасыз жол ретіндегі өзектілігі, жиырма бірінші ғасырдың диверсиялық сын-қатерлері, цифрлық дәуірдің басты кәсіптері – онлайн диалогта EdTrends стратегиялық басымдықтары талқыланды.
 
Белгілі сарапшыларға арналған арнайы сұхбатында Күләш Ноғатайқызы барлық елдердің ғалымдары мен педагогтарын біріктіретін өзекті сұрақтарға жауап берді: цифрлық дәуірдегі мұғалімнің миссиясы, балалардың эмоционалдық интеллектісі мен психологиялық саулығы, заманауи мектептегі инклюзивтілік, қашықтан форматтағы болашақ білім. Локдаун кезеңіндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі Nobel Fest қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.
 
«Қазақстан мұғалімі – 2020» ұлттық сыйлығының Гран-при иегері, Global Teacher Prize сыйлығының амбассадоры Динара Бейсембаева «NIS-те оқу процесін қашықтан ұйымдастыру» атты сұранысқа ие тақырыпты жалғастырды. «Жаңашыл мұғалімдер: жаңа білім беру шешімдерін қалай құру керек» тақырыбындағы ашық пікірталаста Динара Токтаркановна қосымша инфрақұрылымды қажет етпейтін инновациялық білім беру шешімдерінің нақты мысалдарын ұсынды.
 
Әлемдік ғылым апталығы дүйсенбіде Қазақстан мен Орталық Азияның жоғары оқу орындарына арналған Нобель дәрістерімен жалғасады.
 


Қаралым: 73
Жарияланған: 10 Сәуір