Жаңалықтар

Әлемдік ғылым апталығы: Күләш Шәмшидинова мен Андреас Шляйхер пандемиядан кейінгі EdTrends туралы


Кеше Нұр-Сұлтанда әлемдік ғылым апталығы басталды, оның басты спикерлерінің бірі Күләш Шәмшидинова Nobel Fest EdTrends бағытында сөз сөйлемек.

Nobel Fest-тің қорытынды күнінде EdTrends стратегиялық бағыты бойынша «Ковидтен кейінгі әлемде білім болашағын құру» пленарлық сессиясында спикерлер ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының білім беру жөніндегі директоры, PISA құрылтайшысы Андреас Шляйхер шақырылды. Нобель апталығының алаңында Күләш Шәмшидинованың әлемдік білім берудегі жаһандық трендтер бойынша сұхбаты жоспарлануда.

Онлайн апта аясында екі басты оқиға – Екінші Нобель фестивалі Central Asia Nobel Fest (7-9 сәуір) және Қазақстан мен Орталық Азия университеттеріне арналған Нобель Дәрістерінің апталығы (12-16 сәуір) өтеді.

II Нобель фестивалі – ТМД елдеріндегі ең ірі ғылыми-көпшілік іс-шараларының бірі. Фестиваль «Болашақты құру» ұранымен өтеді. Фестиваль бағдарламасы үш негізгі бағыт бойынша технологиялар мен инновацияларды дамытуға бағытталған: мүмкіндіктер экономикасы; болашақ индустриясы; EdTrends (білім беру үрдістері).

Нобель фестивалін ұйымдастырушы – Инклюзивті Даму Қоры.

Фестиваль 8 Нобель сыйлығы иегерін, 9 Breakthrough Prize лауреатын, бірқатар танымал сарапшыларды, соның ішінде Google-дің ғаламдық білім беру көшбасшысы Дженни Магиера, Ford Motors әлемдік трендтердің жетекшісі Шерил Конелли, Bloom Energy вице-президенті Венкат Венкатарман, сонымен қатар экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім және дағдылар жөніндегі директоры, PISA тең құрылтайшысы Андреас Шляйхер сияқты халықаралық сарапшыларды біріктіреді.

Әлемдік ғылым аптасы аясында қатысушылар Нобель сыйлығының лауреаттарымен, технологиялық компаниялардың жетекшілерімен және әлемдік деңгейдегі ғалымдармен ұйымдастырылатын дәрістерге, семинарларға және интерактивті пікірталастарға тегін қол жеткізе алады.

Central Asia Nobel Fest алаңында Күләш Шәмшидинованың қатысуымен өтетін сессиялар әлемдік ғылым аптасының соңғы күні 9 сәуірге сағат 14:05 пен 15.40-қа жоспарланған.

Фестивальге қатысу тегін, тіркелу Nobel Fest ресми сайтында қол жетімді https://nobel-fest.inpolicy.net/

 

 

 



Қаралым: 28
Жарияланған: 08 Сәуір