Жаңалықтар

Талдықорғандағы NIS оқушысы Сезім Ертанатов Гарвардқа оқуға түсті


Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Сезим Ертанатов Гарвард университетінің оқу грантына ие болды.

Жоғары оқу жетістіктері, көшбасшылық қасиеттер, үлкен жұмыс қабілеттілігі Сезімге өз жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені, АҚШ-тағы ең танымал университеттердің біріне түсу - бұл кездейсоқтық емес, қажырлы еңбектің нәтижесі. Бүгінде ол Гарвардтың компьютерлік ғылымдар факультетінде оқуды жоспарлап отыр:

– Мені әрқашан ақпараттық технологиялар теориялық және математикалық тұрғыдан қалай жұмыс жасайтыны қызықтырады. Қазіргі уақытта мен Java, C ++, PHP сияқты бағдарламалау тілін үйрендім. Мен сондай-ақ түрлі веб-сайттарды жасағанды, деректі фильмдер түсіргенді және өңдегенді ұнатамын

Математика пәнінің мұғалімі Зухра Нурлыхановна Даутованың айтуынша, Сезімнің болашақта табысты маман болуға барлық мүмкіндігі бар:

– Ол өз бетінше оқуға қабілетті, белгілі бір мәселелер мен сұрақтарды шешудің әртүрлі нұсқаларына ие. Мақсаттылық пен саналы басымдылық  – оның ең мықты қасиеттері.

Мектеп қабырғасында Сезім бірқатар еріктілер қозғалысын ұйымдастырды, кәсіптік бағдарлау комитетін ашты және БҰҰ моделі ойыны бойынша қалалық конференция ұйымдастырды. Сонымен бірге ол информатика және қазақ тілі пәндерінен «Жас ғалым», «Дарабоз» атты халықаралық, республикалық олимпиадаларының жүлдегері және жеңімпазы атанды.

– Сезім, менің ойымша, республиканың көптеген мектеп оқушылары үшін өзінің табандылығы мен нақты жоспарлау қабілетінің арқасында әлемдегі ең үздік университетке түсе алған адамның үлгісі болды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарихында Сезім – Гарвардқа шақырылған екінші оқушы», – дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерали Бижанов.

 

 

 

 

 

 

 



Қаралым: 71
Жарияланған: 07 Сәуір