Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS пен Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп аймақтағы арнаулы мектеп-интернат мұғалімдеріне вебинар өткізді


Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп аймақтағы №5,6,7 арнаулы мектеп-интернаттарының мұғалімдеріне онлайн вебинар өткізді.

Жиын басында сөз алған Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Ерболат Оспанов инклюзивті білім берудің жаңаша тұстарынан ақпарат беріп, ерекшеліктерін талдап көрсетті.  Сондай-ақ, мұндай білім беру жүйесінде кездесетін қиындықтар мен мәселелерге тоқталып, оның шешу жолдарын ұсынды. 

Аталмыш жиында Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог- ұйымдастырушы-кураторлары Гүлзат Шынтасова мен Ақбота Жұмабаева тәрбие саласындағы бірқатар жұмыстарды,  оның ішінде ата-анамен жүргізілетін жұмыс формаларына тоқталды.  Жеке, топтық, ұжымдық деп үш топқа бөліп қарастыра отырып, ата-аналар  жиналысын тиімді өткізу, ата-аналар мектебін құру,  отбасылық іс-шараларды ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын ұсынды.  Сонымен қатар, ерекше жағдайды қажет ететін оқу орындарына бейімдеп өткізуге болатын әдіс-тәсілдерімен де бөлісіп,  тәжірибе алмасты.

40-тан аса мұғалімдер қатысқан вебинарда ұйымдастырушылар қатысушыларға әрдайым әдістемелік көмек көрсетуге ашық екендіктерін жеткізді.

 



Қаралым: 41
Жарияланған: 01 Сәуір