Жаңалықтар

Кітап сүйер NIS-ті Аида Ағаділ таныстырды


Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ Республикалық кеңесте ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, зерттеу дағдылары мен оқу сауаттылығын дамыту бойынша NIS-тің табысты жобаларын таныстырды.

Білім және ғылым министрлігіндегі «Оқуға құштар мектеп» баяндамасына облыстық, қалалық және аудандық білім басқармаларының өкілдері, әдістемелік кабинеттердің басшылары қосылды.

– Бүгінде Зияткерлік мектептердің барлық кітапханалары оқушылар мен олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне бағдарланған ақпараттық ресурстық орталықтар ретінде жұмыс істейді, педагог-кітапханашылар педагогтармен интеграцияланған сабақтарды ұйымдастыру бойынша жұмыс істейді және тәжірибені таратумен айналысады, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді, –  деп атап өтті Аида Ағаділ.

Зияткерлік мектептердің оқуды ілгерілету, стандартты емес кітапханалық іс-шараларды өткізу, оның ішінде қашықтан жұмыс істеу, классикалық әлемдік әдебиет пен білімнің түрлі салалары бойынша ауқымды ақпараттық база құру жөніндегі бастамалары мен жобалары үлкен қызығушылық тудырды.

 



Қаралым: 58
Жарияланған: 11 Наурыз