Жаңалықтар

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру әлеуметтік жауапкершілігімізге байланысты


Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» жобасы аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының микробиологиялық зертханасының меңгерушісі, «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» РМК аға ғылыми қызметкері, PhD доктор Айша Искаковамен онлайн кездесу өтті. Айша Нұрбекқызын Назарбаев Зияткерлік мектептерімен оның мұғалімі және сынып жетекшісі болған Қарағандыдағы NIS директоры Равиль Мансурович Якупов байланыстырады.

Дәрігер Айша Искаковамен кездесу – бас кейіпкердің өмірі мен шығармашылығына емес, тек оның кәсіби қызығушылығы тақырыбына арналған алғашқы кездесу.
«Вакцинация: қарсы және қарсы емеспін» – бүгінгі таңда баршамызды толғандыратын өзекті тақырып. Онлайн дәрісте Айша Нұрбекқызы адамзат тарихына қысқаша шолу жасады, тарихта орын алған пандемиялар – оба, шешек, тырысқақ, испан тұмауын талдады. Вакциналардың тарихы, олардың жасалуы мен авторлары, сипаттамалары, ағзаның иммундық реакциясы, жағымсыз дәрілік реакциялар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сұрақтардың басым көпшілігі COVID-19, болжамдар, вакцинация және жанама реакциялар туралы болды.
 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова елімізде ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы әрқайсымыздың әлеуметтік жауапкершілігімізге байланысты екенін, білім беру жүйесі үшін басты басымдық – балалар мен мұғалімдердің денсаулығы екенін атап өтті.
 
Айша Искаковамен өткен онлайн кездесу келесі сілтеме бойынша қолжетімді


Қаралым: 66
Жарияланған: 04 Наурыз