Жаңалықтар

Excellent, Aruzhan! Ағылшын тіліне деген сүйіспеншілік желілік олимпиадада үш Аружанның басын қосты


Бесінші күннің қызық оқиғасы – ағылшын тілі секциясында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептен бірден үш Аружанның қатысуы– Аружан Жақсылық, Аружан Досходжаева, Аружан Нұрманова.

Есімдерінен бөлек олардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтары біріктіріп отыр. Оған дәлел оқушы қыздардың IELTS емтиханынан жоғары нәтиже көрсетуі – Аружан Досходжаева мен Аружан Нұрманова 7,0 баллдан жинаған. Ал Аружан Жақсылық аталған пән бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысуға ден қойған. Аружанның «Волейбол ойынында «жеңіске жету алгоритмінің» математикалық есептеулері» атты ерекше жобасы оқушылар арасындағы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында 1-орынды иеленген.


Қаралым: 87
Жарияланған: 27 Ақпан