Жаңалықтар

NIS-тің жалауын биіктен көргіміз келеді. Жас фиологтардың пікірлері


Кеше зияткерлік бәйгеде қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің білгірлері бақ сынасты.

Олардың айтуынша, кез-келген тапсырма келуі мүмкін, алайда өздерінің қалаулары – сүйікті тақырыпқа шығарма жазу. Ал ол үшін фантазияға ерік беру керек екен.
 
– Мен өте қызық тақырыпқа эссе жаздым. Маған орыс классикалық әдебиетінің кинонұсқалары әр уақытта дұрыс түсіндіріле бермейтінін дәлелдеу керек болды. Мысал ретінде мен «Преступление и наказание» романының және Островскийдің «Бесприданица» атты пъесасының кинонұсқаларын алдым. Мен мәселеге қатысты өз ойымды білдіргенді, көпшілікке жеткізгенді ұнатамын. Жоғары бағаға лайықты эссе жаздым деп үміттенемін»,– дейді Айтжанова Камилла.
 
Шымкенттегі физика-математика бағытындағы бағытындағы мектеп Давлат Асанбаев үшін жанкүйер болуда, ол – үш жыл қатарынан орыс сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиаданың жеңімпазы, бұл жолы да жеңістен үмітін үзбейді.
 
Көкшетау қаласындағы NIS-тен Индира Каиржанова осы жылы пән бағдарын өзгертті, бұған дейін ол олимпиадаға нақты ғылымдардан бақ сынап келген, ал биыл орыс тілі мен әдебиетінен қатысуда.
Шымкенттегі химия-биология бағытындағы мектептен Алдияр Алтынбеков үшін олимпиада – бұл жаңа білім алуға және жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік, ал ондағы ең қызықтысы – шығармашылық процесс.
 
Жанбике Жекешова Нұр-сұлтан Зияткерлік мектебінде оқиды, бірақ желілікке Тараздан қосылды:
 
– Мен Тараздағы NIS-те оқып жүрген кезімде қатысуға өтінім бердім. Содан кейін отбасылық жағдайыма байланысты елордаға қоныс аудардық. Қай қаладан тапсыратыным маңызды емес, басты жалпы жүйенің үмітін ақтау. NIS-тің жалауын биіктен көргім келеді.
 
Өткен жылғы желілікте қарағандылық Аркадий Цай қазақ тілі пәнінен үшінші орынға ие болды, биыл да жүлдегерлер қатарынан көрінуге үмітті:
 
– Мен мұғаліммен бірге дайындалдым: мәтіндерді талдап, өткен жылдардағы тапсырмаларды орындап, жазу және сөйлеу дағдыларын үйрендім. Үлкен тәжірибе деп есептеймін!
 
Оралдық зияткерлер осыған дейінгі олимпиадашылардың рекордын қайталауға ниетті. 2015-2017 жылдары оралдағы NIS екі жыл қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық мектеп» атағын иемденген болатын.
 
Павлодардағы NIS-тен Аружан Сагинова үшін олимпиадаға қатысуға орыс тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігі түрткі болған:
 
– Кез келген тіл күрделі және көп қырлы. Сол тілде кұнделікті сөйлеу және олимпиада тапсырмаларын орындау – бұл екі түрлі дүние. Онлайн дайындық барысында мен барлық әдеби шығармаларды қайтадан оқығым келетінін түсіндім.
 
Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепті орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Рустам Тапалов таныстырады. Ол үшін бұл екінші желілік олимпиада, өткен оқу жылында ол үшінші орынға ие болды. Рустам тек табысқа жететініне сенеді, оқуда және олимпиадаларда күш жұмсамай, көп еңбек етпей еш нәтиже шықпайтынан біледі. Ол жеңісті беделді университетке түсу жолындағы алғашқы қадам ретінде қарастырады.
 
Петропавлдағы NIS оқушысы Мадина Кабдолла олимпида әрқашан жаңа білім көзі екенін айтады:
 
– Мен Ұлы Абайдың шығармашылығы, мәтіндердің стилі, негізгі идеясы туралы сұрақтарға оңай жауап бере алдым.
 
Өткен жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпазы Нұр-сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектептен Джавад Гусейнов мұғалімі Гүлнафис Көшербаеваға алғыс білдіреді:
 
– Табыс пәнге деген қызығушылықтан, оқуға деген ұмтылыстан және мұғалімнің қолдауынан басталады.
 
Ақтөбеден Нұрбике Қартбаева олашақта медиа саласының маманы атанғысы келеді, сол себепті де оның қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығы зор.
 
– Болашақта қазақ журналистикасы мен қазақ тілді медианы дамытып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосқым келеді, сол себепті олимпиадаларда тәжірибе жинақтау мен үшін маңызды.
 
Өскемендік Светлана Жеткеева – әр түрлі олимпиадалардың белсенді қатысушысы, ал оның басты жетістігін ұстазы Гүлнар Кеңесбекқызы Ахметқалиева басқа оқушыларға үлкен қолдау көрсеуінде деп біледі.
 
Талдықорғандық Марал Асқарова қазақ тілінен желілік олимпиадаға екінші жыл қатысып келеді, көптеген шығармашылық байқаулардың жүлдегері, өлең жазады, өлеңдер жинағын шығаруды жоспарлап отыр:
 
– Олимпиадалар даму, жаңа білім алу, таным көкжиегін кеңейту үшін қажет. Мен Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Жамбыл Жабаевтың шығармаларын оқып қана қоймай, барлық мәнмәтінін зерттедім.
 
Қызылордалық Айым Сексенбаева өткен жылғы желілік Олимпиаданың қола жүлдегері, тіл білімімен жүйелі түрде айналысады:
 
– Шығарма жазуға дайындалу үшін, көп шығармаларды оқып, әдеби тілдік құралдарды қолдануға көп жұмыс жасау керек.


Қаралым: 93
Жарияланған: 26 Ақпан