Жаңалықтар

Intellectual podcast: NIS-тің барлық интернет платформаларында – Доминик Уайз


Педагогикалық инстинкт және қазіргі білім берудегі 12 қағидат

Педагогикалық инстинкт – бойға туа біте ме немесе оны тәрбие арқылы дарыта ма? Бұл – әлемнің барлық еліндегі ұстаздар мен ата-аналар қауымын алаңдататын мәңгілік сұрақ.

Доминик Уайз NIS-тің барлық интернет платформаларында білім берудің жоғары сапасын, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын, кіші жастағы балаларды тиімді оқытуды қамтамасыз ететін педагогиканың тірек қағидаттапы туралы ой бөліседі.

Intellectual podcast кезекті спикері Доминик Уайз – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы әлемгі әйгілі сарапшылардың бірі, білім беру саласындағы Британдық зерттеулер қауымдастығының президенті, Лондон колледж университеті Білім беру институтының профессоры, балаларды туғаннан 11 жасқа дейін оқытуға мамандандырылған Хелен Хемлин педагогикалық орталығының негізін қалаушы‐директоры.

Доминик Уайздың кәсіби қызмет жолында үздік ЖОО-лар мен белді лауазымдар қатары көп. Ол 2015 жылдан 2019 жылға дейін Лондон колледж Университеті оқыту мен көшбасшылықтың Академиялық факультетін басқарды. Білім беру институтындағы қызметіне дейін Кембридж университетінде аға оқытушы болды.

Черчилл Кембридж колледжінде музыка ойнаудан бірінші директор, сондай-ақ аталған оқу орнында білім беру саласындағы зерттеулер бойынша директор және ғылыми қызметкер болып еңбек етті. Доминиктің музыка саласындағы бай тәжірибесі өз бастауын сонау Корольдік музыка академиясынан алады.

Кембридж университетіне дейін Доминик Ливерпульдегі Джон Мур университетінде дәріс оқып,  Лондон, Брэдфорд пен Хаддерсфилд балабақшаларында, бастауыш мектептерінде сабақ берген.  Ірі халықаралық компаниялар мен түрлі елдердің үкіметінің кеңесшісі ретінде бай тәжірибеге ие. Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде BBC Newsnight, BBC Radio Four Today, the Times Educational Supplement, the Guardian, The Economist, және the Times-та арнайы шақырылған сарапшы ретінде пікір білдірген.

Доминик Уайздың «Becoming a primary school teacher» («Как стать учителем начальной школы», «Бастауыш мектеп мұғалімі болу: ұстанымдары мен қағидалары») кітабын Bilim Media Group NIS-тің 2019 жылы өткен ғылыми-тәжірибелік конференциясында көпшілік назарына ұсынды.

Бүгінде кітап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Ж.Досмұхамедов атындағы серіктес колледжінде (Орал қаласы) бастауыш мектеп мұғалімін даярлауда таптырмас оқу құралына айналып отыр.

Доминик Уайздың «Педагогикалық инстинкт: мектепке дейінгі жастағы балаларды үйде әрі мектепте тиімді оқыту» подкасты үш тілде төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді:

➡️➡️➡️https://conferences.nis.edu.kz/intellectual-podcast-%e2%84%964-dominic-wyse/?lang=kk

➡️➡️➡️https://conferences.nis.edu.kz/intellectual-podcast-%e2%84%964-dominic-wyse/

➡️➡️➡️ https://conferences.nis.edu.kz/intellectual-podcast-%e2%84%964-dominic-wyse/?lang=en

 



Қаралым: 86
Жарияланған: 22 Қаңтар