Жаңалықтар

Ермек Пайзов пен Әсел Бейсембинова Назарбаев Зияткерлік мектептерінің директорлары қызметіне тағайындалды


Қамқоршылық кеңес пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының шешімімен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметіне Ермек Серікұлы Пайзов, Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметіне Әсел Сайдуғалиқызы Бейсембинова тағайындалды.

Алматыдағы мектепте бос қызмет орны директор Жұлдыз Досбергенқызының жетінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болып сайлануынан кейін пайда болды еді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Алматы мен  Ақтауда жаңа директорларды таныстырды.

Ермек Серікұлы Пайзов Almaty Management University мен Қазақ Гуманитарлық Заң университетін тәмамдаған, білім беру саласындағы іскерлік әкімшілік магистрі, Hamk University of Applied Sciences (Финляндия) оқу орнында ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өткен.

Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 2009 жылдан бастап қызмет етіп келеді: орталық аппараттың адами ресурстарды дамыту және заң департаменттерінде, 2014 жылы Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектептің директоры болып тағайындалды. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев

Зияткерлік мектептері», «Назарбаев қоры мәртебесі туралы» заңдардың  әзірленуіне қатысты.

Әсел Сайдуғалиқызы Бейсембинова Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және Назарбаев Университетінің (Educational leadership) магистратурасын аяқтаған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, декан орынбасары қызметінде болған. NIS  жүйесінде 2011 жылдан бастап: мұғалім, Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп директорының орынбасары болып қызмет етіп келді.

 



Қаралым: 67
Жарияланған: 21 Қаңтар