Жаңалықтар

«Global Teacher Prize» амбассадорымен өткен әрбір кездесу – жаңа мотивация


«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Ахмет ауылы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептегі әріптестерімен қайта қауышты.

Д.Бейсембаеваның Қарағанды облысының Нұра ауданына алғашқы сапары өткен жылы желтоқсан айының аяғында өтті.  Сапар барысында Динара Тоқтарқанқызы «Қазақстан мұғалімі – 2020» ұлттық сыйлығы еншілеген жүлде қорының бір миллионнан астам қаражатына химия кабинетіне арналған зертханалық құрал-жабдықтар әкелген.

Екінші кездесу ауыл мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналды. Ол «Сандық ғылым үйде» элективті курсының авторы ретінде химия, биология, физика пәндерінің мұғалімдерімен жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, зертханалық жұмыстарға, оның ішінде алғашқы сапарында әкелген әртүрлі сездіргілермен тәжірибе жүргізуге ерекше көңіл бөлді.

Сандық форматта әртүрлі зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға талдау жүргізіп, химия пәнінен оқушыларға жұмыс дәптері мен мұғалімдерге әдістемелік оқу-құралын әзірлеуді ұсынды.

«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығынын амбассадоры Динара Бейсембаевамен бірге өз мектебінен ауыл мұғалімдерімен ынтымақтастық орнатып үлгерген мұғалімдер Гүлмира Абишева мен Ринат Құдайберген де келді.

– Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдерімен өткен әрбір кездесу біз үшін кәсіби өсу жолымызда жаңа мотивацияға айналды, – дейді Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің мұғалімдері.

 

 

 



Қаралым: 46
Жарияланған: 21 Қаңтар