Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс депутаты болып сайланды


Алғаш рет жетінші шақырылымдағы Парламент жұмысына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының өкілі кіріспек. Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS  директоры Жұлдыз Сүлейменова «Nur Otan» партиясының атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды.⠀

Жұлдыз Сүлейменованың альма-матері – «Тарих», «Философия және саясаттану» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура мен докторантураны тәмәмдаған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. «Мәдениеттану» мамандығының PhD докторы.⠀

Ол жоғары және орта білім беру жүйесінде табысты қызмет атқарды: Ақтөбе көпбейінді гимназиясының мұғалімі, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің тәрбие жұмысы бойынша проректоры орынбасары, Халықаралық бизнес академиясы студенттермен жұмыс жөніндегі декан, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бас ғалым хатшысы.⠀

Жұлдыз Досбергенова өзінің әр қадамында кәсіби дамуын жалғастырып, Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығында, Финляндия, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Литваның ЖОО-ларында білімін шыңдады.⠀

NIS жүйесінде 2012  жылдан бері қызмет етуде, стратегиялық департаменттердің бірі – Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментін басқарды, 2019 жылдан бастап Алматыдағы физика-математика бағытындағы мектеп директоры.⠀

Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.⠀

Депутаттық мандаты сайлаулады бағдарламасы еліміздің дамуындағы басым бағыттарға және де ең алдымен отандық білім беру жүйесіне арналған Жұлдыз Сүлейменованың белсенді азаматтық және кәсіби ұстанымын растайды.⠀

Мәжіліске сайлану – Жұлдыз Сүлейменова мен барша Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінің үлкен жетістігі.

 



Қаралым: 71
Жарияланған: 13 Қаңтар