Жаңалықтар

Жәутіков олимпиадасының төрт алтыны – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS қоржынында


Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасында бірден төрт алтын медальді жеңіп алды. Олар Асылбек Олжабаев, Таир Сатубалдин, Тамирлан Бектемісов және Нұрасыл Әбдіразақ, барлық жеңімпаздар халықаралық білім додасында математикадан оза шапқан.

Биыл математика, физика және информатика бойынша өткізілетін дәстүрлі Жәутіков олимпиадасы қашықтан ұйымдастырылды. NIS жүйесінің намысын екі команда қорғады: Павлодар, Талдықорған, Қарағанды және Нұр-Сұлтан секілді төрт бірдей қаланың оқушылары енген Зияткерлік мектептер құрамасы, сондай-ақ, Алматыдағы физика-математика бағытындағы мектеп командасы.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің медальдар топтамасында – жалпы 12 награда, олардың төртеуі – жоғары дәрежелі. Ерсұлтан Пiтебай, Мухаммадариф Сахмолдин, Альдинаш Сейтенов, Махмут Омар, Рахим Баймурзин, Альтаир Ашуров үшін екінші орын білім бәйгесіндегі жаңа белес тәрізді. Ал қола медальдар Ернар Садыбеков пен Темірлан Исмагуловтың еншісінде.

 



Қаралым: 82
Жарияланған: 14 Қаңтар