Жаңалықтар

«Жүрек жылуы»: «Shugylakitap» NIS мұғалімі Дина Құдабаеваның бастамасына қолдау білдірді


«Shugylakitap» баспасының бас директоры Людмила Кириллинская балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және дамытуға арналған «Жүрек жылуы» орталығының кітапханасына бояғыш альбомдар, көрнекі және дидактикалық материалдар, үш тілде кітаптар жолдады.

– Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған кабинеттің ашылуына себепкер болған Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Дина Құдабаеваның бастамасын қолдауды ұйғардық. Бұл нағыз пеадгогтің өзекті бастамасы деп білеміз. Кітаптарымыз балаларға қуаныш сыйлайды деген үміттеміз, –  дейді Людмила Всеволодовна.

Жаңа кітапхана логикалық ойлауды дамытуға арналған дидактикалық материалдармен, экология және қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша әдістемелік нұсқаулықтармен, математикалық сауаттылық пен көріністерді қалыптастыру бойынша көрнекі оқу-құралдармен, сурет салуға, жаспырмаға және аппликацияға арналған альбомдармен толықты.

«Жүрек жылуы» - Петропавлдағы NIS мұғалімі, «Қазақстан мұғалімі-2020» ұлттық сыйлығының лауреаты және Қазақстандағы жаһандық сыйлықтың амбассадоры Дина Құдабаеваның бастамасымен ашылған ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған облыс орталығындағы алғашқы кабинет.



Қаралым: 51
Жарияланған: 11 Қаңтар