Ұлттық байқаудағы жеңіс – Динара Токтаркановна үшін, өзі қызмет ететін Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен барлық NIS жүйесі үшін айтулы оқиға. Мұндай жетістік шығармашылық ізденістің, жоғары кәсіби мақсаттарға ұмытылыстың, үздіксіз өзін-өзі жетілдірудің арқасында мүмкін болды.
Басқарма ұлттық байқаудың лауреаты атанған Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Дина Кудабаеваны құттықтайды!
Әріптестеріміздің жаңа жетістігі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғары стандарттары мен педагогтардың жоғары кәсіби деңгейлерін айқындай түседі. Динара Токтаркановна мен Дина Айтжановнаның шәкірттерінің игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барша ұстаздары мен қызметкерлерін, оқушылары мен ата-аналарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз!