Жаңалықтар

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!


      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды.

         Құжат қабылдау 2020 жылғы 2 желтоқсаннан 2021 жылғы 23 қаңтарға дейін жүргізіледі. (қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс уақыты 12.30 - 13.30-ге дейін).

         2022 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу құрылымына қосымша «Жаратылыстану» бөлімін енгізу жоспарланып отыр.

        Сол себепті, 2021 жылы «Жаратылыстану» тестінің апробациясы өткізіледі.  

       «Жаратылыстану» бөлімі бойынша апробациялық тест конкурстық іріктеудің бірінші күні «Сандық сипаттамалар» бөлімінен кейін өткізіледі. Тест 20 тапсырмадан тұрады. Ұзақтығы – 30 минут. Осылайша, конкурстың бірінші және екінші күндері тестілеу 2 сағаттан жүреді. 

        Конкурстық іріктеудің нәтижелерін статистикалық  және психометриялық өңдеу кезінде апробацияның нәтижесі есептелмейді.

       Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

        Толығырақ ақпарат – сайттың «Үміткерлерге» бөлімінде.

 

 

 



Қаралым: 498
Жарияланған: 24 Қараша