Жаңалықтар

Бүгін NIS ғылыми жобаларының желілік байқауы бастау алады⠀


Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында  ғылыми жобалардың желілік байқауы басталады.⠀

2020 жылдың 26 мен 30 қазаны аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен алғаш рет қашықтан форматында  (Microsoft Teams платформасында) өтетін ғылыми жобалардың республикалық байқауының кезеңдерінің бірі – желілік байқау жоспарлануда.⠀
NIS жүйесінде жобалық ғылыми-зерттеушілік қызмет білім беру қызметінің маңызды бөлігі болып табылады, сол себепті желілік байқаулар дәстүрге айналып, оларға қатысу жас зерттеушілер үшін әрқашан жаңа тәжірибе болары сөзсіз.⠀
Биыл барлық Зияткерлік мектептерден 270 оқушы төрт бағыт бойынша 200 жоба ұсынатын болады:⠀
«Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар». ⠀
Ғылыми жобалардың желілік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесі республикалық кезеңге жолдама алатын болады. ⠀
Байқаудың салтанатты ашылуы бүгін, 26 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10:00-де өтеді. Шара төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді болады: ⠀
➡️➡️➡️ https://youtu.be/dum2k8Pq_oQ


Қаралым: 92
Жарияланған: 26 Қазан