Жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына бір миллион теңгелік сертификат табыс етті


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына бір миллион теңгелік сертификат табыс етті

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды. Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев оқушылардың ғылыми жобаларының нәтижелерімен танысты.

Өңір басшысына ұсынылған ғылыми-зерттеу жобаларының арасында облыстық денсаулық сақтау департаментінің қолдауына ие болған COVID-19 клиникалық симптомдарын бақылау жүйесі бар. Бердібек Сапарбаев өзекті жобаға жоғары баға беріп, оның авторлары, 12-сынып оқушылары Абылай Сыдықов пен Анелия Әбдімәлікке бір миллион теңгелік сертификат табыс етті. Оқушылар жасаған мониторинг жүйесі медициналық персоналдың коронавирусты жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған, нақты уақыт режимінде қашықтықтан тексерулер жүргізуге, бірден жүзден астам пациенттің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Жобаға оқу орнының физика пәнінен сарапшы-мұғалім Мирлан Джусамбаев пен бағдарламалық қамтамасыз ету маманы Максим Рыбалкин жетекшілік еткен.

Алдағы уақытта облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша үлкен әлеуетке ие жүйе Тараздағы қалалық ауруханалардың бірінде сыналатын болады.

Өңір басшысына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін облыстың жалпы білім беретін мектептеріне тарату жоспары таныстырылды.

 



Қаралым: 64
Жарияланған: 06 Қазан