Жаңалықтар

Алматыдағы NIS оқушысы Асылбек Олжабаев «Түймаада» жеңімпазы атанды⠀


 NIS оқушысы «Түймаада» беделді халықаралық олимпидасының жеңімпазы деп танылды. Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Асылбек Олжабаев алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, осы Зияткерлік мектептің  екі оқушысы Альдинаш Сейтенов пен Әбдіразақ Нұрасыл, Талдықорғандағы  NIS оқушысы  Махмұт Омар қола медальді қанжығаларына байлады. ⠀

Әйгілі халықаралық олимпиада биыл алғаш рет қашықтан ұйымдастырылған болатын. Бағдарламаға жалғыз ғана пән – математика енгізілді.⠀⠀

 

NIS оқушыларының «Түймаада» олимпиадасындағы жеңістері игі дәстүрге айналып үлгерді.⠀

 



Қаралым: 85
Жарияланған: 06 Қазан