Жаңалықтар

Балаларға игілікті орта құруда екінші кезектегі сұрақтар жоқ


 «Назарбав Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  ЮНИСЕФ қолдауымен әзірлеген мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша стандартты операциялық шаралар жобасы күні кеше координациялық онлайн кездесуде ұсынылды.

– Өткен жылдың желтоқсанында ЮНИСЕФ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымының талаптарына сәйкес халықаралық аккредитацияны ұсынатын нормативті-құқықтық құжаттарды әзірлеудегі тәжірибесіне сүйене отырып, мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша стандартты операциялық шараларды әзірлеу туралы ұсыныс жасады,  – деп «Назарабаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева атап өтті.

Балаларға арналған игілікті және қауіпсіз ортаны құру институтционалды, әдістемелік және заңнамалық шешімдерді қажет етеді, бұл тұрғыда екінші кезекті сұрақтар жоқ, –  деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова кездесуге қатысушыларға арналған сөзінде.

Алғашқы координациялық кездесуге білім және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері, сондай-ақ, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы секілді орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылардың қызығушылығы талқылаудың нәтижелілігі мен жұмыс ахуалын және ведомствоаралық ынтымақтастықтың талдауын анықтай түсті.

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілі Артур ван Дизен мен Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі өкіл Аружан Саин жиынға қатысушылардың назарын балалар үшін игілікті және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мәселесінде екінші дәрежелі сұрақтар жоқ екендігіне аударды. Әрбір бағыт, оның ішінде мектеп архитектурасы мен эргономика, кибербуллинг пен балалар жарақаттанушылығы,  сонымен қатар, денсаулық, тамақтану және баланың психоэмоционалдық күйі айрықша басымдылыққа ие.

Жаңа құжатты нақтылауды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жобалық тобы: білім беру сапасын бағалау және халықаралық аккредитация Департментінің аға менеджері Данара Абильденова, заң департментінің аға  менеджері, ұлттық сарапшы Ботагоз Досмурзинова, оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаментінің аға менеджері Жанат Алтаев, жобаның ұлттық сарапшысы, оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Куляш Салимбаева, ЮНИСЕФ бірлесе жасалған Назарбаев Зияткерлік мектептерімен жүзеге асырылатын барлық жобалардың үйлестірушісі, оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаментінің директоры Динара Уалкенова таныстырды.

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Эльвира Азимова зорлық-зомбылықтың алдына алу саласындағы заңнама мен стандартты операциялық шараларды әрі қарай жетілдіру бойынша ұсынымдар пакетін ұсынды.

 

 

 

 

 



Қаралым: 111
Жарияланған: 29 Тамыз