Жаңалықтар

Елордадағы NIS педагогтарына марапаттар табысталды


 

Жаңа оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірқатар ұстаздары Білім және ғылым министрлігінің марапаттарына ие болды.

Елордамыздағы Зияткерлік мектептердің алты мұғалімі бүгін өз марапаттарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинованың қолынан алды.

Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің эксперт-мұғалімі Айсулу Макановаға табысталды. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сауле Ильясова, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ербол Аманкельдин марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізгі мектеп бағдарламасының үйлестірушісі Магрипа Алтайбекова, Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Назым Мамиева, Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің музыкалық және көркемдік жетекшісі Жанна Каримбаева Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатына ие болды.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары және химия пәнінің мұғалімі Бахытгуль Жақсылықова, Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің эксперт-мұғалімі Раушан Жабагина, Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің эксперт-мұғалімі Жазира Иманбаева, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің эксперт-мұғалімі Любовь Исатаева, Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің эксперт-мұғалімі Гаухар Шаматова лайық деп танылды.

 



Қаралым: 110
Жарияланған: 27 Тамыз