Жаңалықтар

Білім берудің жаңа басымдылықтары


Конференцияның бірінші күніндегі пленарлық отырыста оқылған басты баяндамалар қазіргі білім берудің тың мәселелеріне арналды: ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шамшидинованың — жаңа жағдай мен жаңа мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары Зухра Шегенованың — функционалдық сауаттылықты дамытуы, педагогикалық өлшеулер орталығының директоры Айдана Шилибекованың — қашықтан оқыту жағдайындағы бағалауы. ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Питер Мехистоның «Бірге оқытамыз» тақырыбындағы баяндамасы конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

«Қашықтан оқыту – жаңа қалыптылық» тақырыптық алаңында күн тәртібіндегі басым бағыттар талқыланды: зерттеушілік және әдістемелік қолдау, медициналық-санитариялық және психологиялық сүйемелдеу, топтық өзара әрекеттесу, қашықтан оқыту жағдайындағы биохакинг. Алғашқы онлайн тамыз конференциясында қатысушылардың педагогтың цифрлық этикетін ұжымдық талдауы заңды болды.

Өткен жылы алғаш рет енгізілген «Үздік тәжірибелер панорамасы» сенімді ақтай білді, биыл да онлайн көрмеде Зияткерлік мектептердің тәжірибесінен алынған үздік кейстер көрініс тапты.

Бүгін конференция жұмысы алты тақырыптық алаңда өз жалғасын табуда.

 



Қаралым: 204
Жарияланған: 20 Тамыз