Жаңалықтар

Зияткерлік мектептердің мұғалімдеріне арналған оқыту


            Жаңа оқу жылы қарсаңында Педагогикалық шеберлік орталығы Зияткерлік мектептердің мұғалімдерін келесі бағыттар бойынша оқытуды жоспарлап отыр:

1. 17–21 тамыз аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған курс өткізіледі, курс барысында мектептердегі тәрбие жұмысы жүйесін әзірлеу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілдері ұсынылады.

2. 3–14 тамыз аралығында, сондай-ақ күзгі каникул кезінде «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылық)» бағдарламасы бойынша 1 200 пән мұғалімін оқыту ұйымдастырылды. Бағдарлама Ювяскюля және Хельсинки (Финляндия) университеттеріндегі әріптестерімізбен бірлесіп әзірленді.

3. Зияткерлік мектептердің барлық педагогтері 3–29 тамыз аралығында stepik.org платформасында «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты ашық онлайн-курстан оқудан өтеді.

Тамыз айында қашықтан оқыту жағдайында білім беру мәселелері бойынша вебинарлар өткізу жоспарлануда.

Зияткерлік мектептерге қазақ және орыс тілдерінде «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша тренерлердің кеңесі» әдістемелік ұсынымдары жіберіледі.



Қаралым: 163
Жарияланған: 12 Тамыз