Жаңалықтар

Құрметті Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары!


Назарбаев Зияткерлік мектептері  2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанында қашықтан оқыту форматына көшуіне байланысты тамыз айында оқушыларға арналған Тақырыптық кеңес беру (одан әрі - ТКБМ) мектебін өткізуді жоспарлаған. 

Бұл Мектептің мақсаты – қашықтан оқыту барысында оқушылардың  білімінде пайда болуы мүмкін кемшіліктерді жою және оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес практикалық, эксперименттік дағдыларды дамыту, білім беру бағдарламасының пәндері бойынша кеңес беру.

 

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы  Бас мемлекеттік санитарлық  дәрігерінің 03.07.2020 жылғы №44 қаулысына сәйкес адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге және білім беру мекемелерінің қызметіне тыйым салуды қамтитын карантин шаралары енгізілді. Қазіргі таңда карантиндік шаралардың аяқталу мерзімі белгісіз, сол себепті эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулер кейіннен кезең-кезеңімен жеңілдетіле отырып, белгісіз мерзімге ұзартылуы мүмкін.

 

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және карантин режимін сақтау мақсатында, тамыз айында мектептер базасында өткізілетін ТКБМ-нің тоқтатылуы туралы шешім қабылданды.

 

Алайда 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында оқушылардың 4-тоқсандағы оқу қорытындысы бойынша білімдері мен дағдыларындағы кемшіліктерін анықтау  мақсатында  оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі және оларға әдістемелік қолдау көрсету бірінші жартыжылдықта жоспарлануда.

 

Мониторинг қорытындысы бойынша әрбір оқушыға, ата-аналарға (заңды өкілдерге) 4 тоқсандағы қашықтан оқыту нәтижелерін көрсететін жеке есептер ұсынылады, сонымен қатар, педагогтар мен Зияткерлік мектеп әкімшілігіне оқушылардың пән және сынып деңгейіндегі үлгерімі мен білім сапасы бойынша есептер және  әдістемелік ұсыныстар дайындалады.

 

 Әр мектепте оқушылардың білімі, білігі мен дағдыларындағы анықталған кемшіліктерді жою үшін мектеп педагогтары білім беру мазмұны компоненттерінің жүйелігін, оқушылардың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленген жеке білім беру бағыттары бойынша шағын топтарда немесе жеке әрбір оқушымен пәндер бойынша жоспарлы кеңестік қолдау жұмыстарын ұйымдастырады.

 

Құрметті оқушылар! Әлемнің көптеген елдерінде пандемияға байланысты оқушылардың сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін стандартты емес шешімдер қабылдануда. Біздің қиын кезеңдегі ортақ міндетіміз – денсаулықты сақтау және нығайту, білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау.

 

 

 

 

 

 

 



Қаралым: 214
Жарияланған: 11 Тамыз