Жаңалықтар

NIS оқушысы Эльдар Уркумбаев беделді Rickover Award марапатына ие болды


Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Эльдар Уркумбаев, биология бойынша республикалық олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері, АҚШ-тағы Кембридж қаласындағы Массачусетс технологиялық институты жанында білім беру саласындағы озық тәжірибе орталығының Жазғы мектебінде оқып жүргенде Rickover Award беделді сыйлығының иегері атанды. Тренинг қашықтықтан оқыту түрінде 2020 жылдың жазғы демалыс кезінде 6 апта көлемінде өтті.

Сыйлық академиялық қабілеті мен көшбасшылығы және жеке мінез-құлық әсемділігі үшін табысталды және бұл сый ядролық флоттың әкесі және білім беру саласындағы озық тәжірибе орталығының негізін қалаушы марқұм адмирал Х.Г. Риковердің құрметіне аталған.

 

Орталық жыл сайын STEM- нің ең дарынды жоғары сынып оқушыларына жазғы мектепте сабақ алуға мүмкіндік береді, оған АҚШ-тың жетекші университеттерінің - Гарвард университеті, Массачусетс технологиялық институты және басқа танымал университеттерден профессорларды дәріс беруге шақыртады. Орталық әлемнің 6000 үміткерлерінің арасынан 80-ге жуық оқушыны іріктеп алады.

 

Бұл Орталық біздің студенттерге Бостон және Кембридж қалаларының (АҚШ) заманауи университет зертханаларында, ауруханаларында және қаладағы корпоративті ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми, технологиялық, инженерлік және математикалық (STEM) зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

 



Қаралым: 118
Жарияланған: 08 Тамыз